Лым. Мәтінді оқы. Қуат көздері әртүрлі болады. ХХІ ғасырды электр құрылғыларысыз (компьютер, теледидар, телефон, тұрмыстық техника) елестете алмаймыз. Адамның өмір сүруі үшін керекті қуат көзінің бірі – электр энергиясы. Жыл сайын оған деген сұраным артып келеді. Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмір мен мұнай жағылады. Мұндай отынның табиғатқа зияны өте көп.
Баламалы энергетика дегеніміз - қоршаған ортаға тигізетін зияны өте аз, шығыны жоқ, үнемді пайдалануға тиімді энергетика. Ол жеңіл өндіріледі. Бұл "сарқылмайтын энергия". Оның экономикалық және экологиялық артықшылықтары көп. Баламалы энергетикаға жел энергиясы, биогаз, найзағай энергиясы, су энергиясы, ғарыштық энергия жатады.
Қазір бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатыр. 2017 жылы Астана қаласында «Болашақ энергиясы» деген тақырыппен «ЭКСПО-2017» көрмесі өтті. Көрмеде энергия өндірудің тиімді, арзан, табиғатқа зияны аз болатын жаңа технологиялары көрсетілді. Баламалы энергия- болашақтың энергиясы!

1-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастыр. 3 ұпай.

2-тапсырма. Мәтіннен 4 есімдік теріп жаз, олардың түрін белгіле. 4 ұпай.

Жазылым
Тірек сөздерді пайдаланып, «Астана- еліміздің мақтанышы» деген тақырыпта шағын мәтін құрап жазыңыз. 5 ұпай.
Тірек сөздер: елорда, тәуелсіздік, мәдени, резиденция, салтанат қақпасы, сәулет, жасампаздық,т.б.

viktoriyakluch viktoriyakluch    3   14.12.2020 17:36    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi

Популярные вопросы