Ұлылар үндестігі» тақырыбы бойынша төмендегі екі шығарманың эстетикалық құндылықтарын ашып сыни шолу жазыңыз.
Ескерткіш (А.С. Пушкин)
Ескерткіш орнаттым мен қолдан келмес,
Ел ізі оған салған суи білмес.
Асқақтап Александр мұнарасынан
Жоғары оқшау шығып тұр ол дербес.
Жоқ, өлмен, жаным жасар өлеңімде,
Шірімей, жасаңғырар денем мүлде.
Бар болса жалғыз ақын ай астында,
Ардақтап қасиеттер мені әр күнде.
Дабысым ұлы Россияға кетер жалпақ,
Тіл біткен жүрер менің атымды атап.
Славян елдерінің пәк ұрпағы,
Қазіргі тағы тұңғыс, қырда қалмақ.
Халқыма сүйікті ұзақ болар жерім –
Туғыздым өлеңіммен мейірлерін.
Жыр етіп тар заманда еркіндікті,
Мархабат пақырларға тілегемін.
Өзім туралы (Қ.Аманжолов)
Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім жалын аткан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді
Тербетіп, тулатып бір қозғайын да…
Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
Өкінем ұқсата алмай келемін деп.
Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.
Сөзім – жыр, лебізім – күй, ерке едім,
Өз жерім, өз елімде еркеледім.
Өмірдің алтын сарай аспанына
Қиялым қақты қанат ерте менің.
Қасыммын, сол баяғы бір қасыммын,
Бақытын ойламаймын құр басымның.
Тымырсық түнек болсаң – дұшпаныңмын,
Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын.