Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады ЭССЕ

MrLinar MrLinar    3   27.12.2020 17:15    4

Ответы
viktordemi2015 viktordemi2015  26.01.2021 17:16

Объяснение:осы дұрыс жауап


Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады ЭССЕ
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Lala19962 Lala19962  26.01.2021 17:16
Аталарымыздың “Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады” деуі тегін емес. Барша қазақстандықтар үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  негіз­деген “Қазақстандық жолдың” етене болуы да сондықтан шығар. Се­бебі, Нұрсұлтан Әбішұлы біздің сара да дара жолымызды айқындағанда ондағы әрбір қағидаттың, әрбір міндеттің әр қазақстандыққа тиімді де пайдалы болу жағын қарастырған. Сондықтан да “Қазақстандық жол” біздің әрқай­сы­мыздың мақтаны­шы­мызға айналып, ондағы міндеттерді іске асыруды парыз санаймыз. Иә, туған жерге деген сүйіс­пеншілік Отанға деген ұлы сүйіс­пеншілікке ұласатыны анық. Туған жеріңді сүймей, еліңді, Отаныңды сүйе алмайсың. Осындайда Елбасымыздың “Өз халқын сүйген адам ғана оның тағдыры үшін күйе алады” деген сөзі ойға оралады. Мен үшін Елбасы мен ел егіз ұғым секілді. Екеуін бөле-жара қарауға әсте болмайды деп айтар едім. Елбасы деген қасиетті ұғым. Ел көшінің іл­ге­рілеуі мен еңсесінің биік, мәр­те­бесінің ұлық болуы  әркез сол көшті бас­тайтын адамның жасайтын қадамына бай­ланысты болады. Сондықтан еліңнің тағдыры Елбасына қатысты. Қостанай-Торғай өңіріне белгілі ұлағатты ұстаз Едірес  Әлімов ке­зінде10 сыныпта оқып жүрген Нұр­сұл­тан Назарбаевқа сабақ береді. Ол кезде Едірес ағамыз С.М.Киров атындағы Қа­зақ мемлекеттік университеті фи­лология факультетінің студенті екен. Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Абай атындағы қазақ орта мектебіне өндірістік тәжірибеден өтуге келеді. Нұрсұлтан мен оның  сыныптас жол­дастарына қазақ әдебиетінен дәріс оқиды. Ерекше әсерлі өткен бір сабақтың тақырыбы Ғабит Мүсіре­повтің “Амангелді” пьесасы еді. Тор­ғайдың төл тумасы студент Едіресің сонда кең көсілген. Оқушы Нұр­сұл­танның жас ұстаздың әр сөзін мұқият тыңдап, қызығушылық танытқаны есінде. Кейін оқушылардың өздеріне сұрақ қойғанда толымды да тиянақты жауап берген де осы Нұрсұлтан еді. Едірес ағамыз өміріндегі осы бір есте қалған сәттерді жиі айтып отыра­тын. Әсіресе, жастармен кездескенде бүгінгі Елбасының шәкірттік шағын әңгімелеуден жалықпайтын. Кейін Нұрсұлтан Әбішұлының өзіне жазған хатын да қастерлеп сақтап жүрді. – Көзінің оты бар, тереңнен ойлайтын, ойын дәл де тиянақты жеткізетін, зерделі жас еді, – деп сол бір шақты еске алғанын өзіміздің де естігеніміз бар. – Ауылда өскен, ауылда оқыған, кейін Теміртау сияқты алып өндірісте шыңдалған, комсомол, партия органдарында қызмет істеп, адамдармен жұмыста тәжірибе жинақ­таған Елбасының бүкіл болмысынан оның ізгілігі мен мейірімі менмұндалап тұратын. Әйтпесе, бұдан елу жыл бұрын бір көрген студент ағасына ерекше бір ілтипатпен хат жазып, тілектестік көңілін білдіре ме?! Бүкіл әлем таныған қайраткердің осынау кішіпейілдігі өзімді ерекше тәнті етті, – деп Затоболдағы Н.Наушабаев атындағы қазақ орта мектебінде оқушылармен кездескенде ағынан жарылып еді ұстаз. Нұрекеңнің мына бір сөзін ұмы­туға хақым жоқ: “Тамағыңды тауып жерлік кәсіп, одан да тәуір қызмет жо­лығар. Бірақ, ол қара орманның, өскен еліңнің ортасында жүріп ішкен бір жұтым қара суға қайдан татысын?!” Елбасының қашанда елін ойлап, қабырғасы қайысатынының куәсі болып жүрміз. Ел мұңын ойлаған жан ғана ішкі дүниесінің толғаныстарын ақ қағазға түсіріп сырласады. Сол қасиет  Нұрсұлтан Әбішұлының бойында бар. “Өмір – өткен күндер емес, есте қалған күндер”  деп қалай дәл ай­тыл­ған десеңізші. 1995 жылғы 29 қыр­күйекте Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен мені Қостанай облыс­ының әкімі етіп тағайындады. Елбасы осы өңірдің  түлегі ретінде маған ерекше жауапкершілік жүктеді. Өйт­кені, Қазақ елінің киелі өңірі – жері де, елі де бай облыстың эко­номикасы мен әлеуметтік сала­сының өркендеуі бүкіл Қазақстанның алға басуына, тәуел­сіздіктің нығаюына қосылар үлес еді. Оны мен де жақсы түсіндім. Бірақ бұл кезең бұрынғы экономикалық байланыстардың үзіліп, жаңа жүйе қалыптаспаған, Тәуелсіз еліміздің енді ғана аяғынан тұрып жатқан ерекше бір қиын шағы еді. Өндіріс тоқтаған, ауыл шаруа­шы­лығ­ынан береке кеткен, жұмысшылар да, бюджеттік мекеме қызметкерлері де еңбекақысын ала алмай, зейнеткерлер де тарыққан қысылтаяң кез еді. Соны шешімдер қабылдауға, ішкі мүмкін­діктер мен резервтерді тереңірек іздестіруге, облыс халқына рухани дем беруге тура келді. Әсіресе, Елбасының Қостанайға әр келген сапары ұмытылмастай әсер қалдыратын. Халықпен кездесуі, айтқан әңгімесі маған шын мәнінде үлкен ой салатын, жүрегіме тоқып алушы едім.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi