Ұлы Жібек жолы – Қытай жерінен басталып , Қиыр Шығыс Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы . Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті . Жібек Жолы б.з.д ІІ ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып , XVI ғасырға дейін қызмет етті . Жібек жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс , өрт , аштық , апат ойрандардың куәсі болды . Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай , Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып , мәдениет және дипломатиялық қарым - қатынас орнады . VI - VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін . Отырар , Тараз , Сайрам ( Испиджаб ) , Түркістан ( Яссы ) , Суяб , Баласағұн секілді көне қалалар тек сауда ғана емес , мәдениет және ғылым орталықтары болды . Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер « Тараз базары – әлем айнасы » дейтін . Себебі бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға , сату мен сатып алуға болатын . Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару - жарақтар , киім - кешек пен ер - тұрмандар саудаға түсетін . Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін . Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын . Саудамен қатар , бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды . Түркістан ( Яссы ) ертеден « екінші Мекке » деп аталып кеткен . Бүгінгі таңда әлемдік туризм орталығына айналды . Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін . Әртүрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып , сауда қарым қатынасын орнататын . тұжырымды2
Назовите текст и определите идею.
Название текста (фраза)
у меня СОР.
Идея текста (1 предложение)