<Мәңгілік ел болу үшін...>
Мен оны былай тусінемің ​

Nartez Nartez    3   15.09.2020 09:33    1

Ответы
Ороохзшрорр Ороохзшрорр  15.10.2020 21:47

Еліміз «Мәңгілік Ел» болу үшін - Тіл бірлігі, Дін бірлігі, Ұлт бірлігі, Азаматтық бір мақсат, бір мүдде деген басты төрт факторды қамтамассыз етуіміз керек. Біріншіден, тіл бірлігінің мысалы Еуропа елдерінде де, әлемнің басқа құрлықтарында да жеткілікті. «Қазақстан» деген атаудың өзі халықаралық терминде «Қазақ елі» дегенді білдіреді. Ал, мемлекетке өз атауын берген, төл халқының саны 65 пайызға жеткен қазақ жұрты тұрғанда, басқа  азшылдық диаспоралардың тілі ешқашан елді біріктіруші фактор бола алмайды. Бұл туралы Елбасы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында:– «Қазақ тілі ғылым мен білімнің, ғаламтордың тіліне айналды. Қазір мемлекеттік тілде білім алатындардың саны көбеюде. Қазақстанда тілді оқытатын 57 арнайы орталық жұмыс істейді. Онда мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты және әрі қарай үйрене береді», - деді. Елбасы келтірген дерек бойынша, былтырғымен салыстырғанда тілін білуге талпынғандардың саны 10 пайызға өсіп отыр. Бұл өте жақсы жетістік. Сонымен қатар, біраз жайттан да хабар береді. Айта кететіні, тілге жыл сайын бөлінетін қаржы да өте қомақты. «Тек соңғы үш жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 млрд. теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ғана қадам қалды. Ана тілі мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болуы. Сондай-ақ, қазақ тілін даудың тақырыбына емес, ұлттың ұйытқысына айналдыра білуіміз керек. Әрбір азаматтың тілді жетік меңгеруіне қатысты атқаратын жұмыс мол. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы керек болуы үшін бәріміз ат салысып, өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек» деп ойлаймын

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi