Лондоннан жылы хабар жетті. Сити университеті математика және
статистика факультетінің 2-курс студенті
Айжан Рымбек ағылшынның
оқымыстыларын таңғалдырып,
профессор Таннердің сыйлығын жеңіп
алды. Құрмет дипломымен, қаржылай
сыйақымен марапатталды. Сондай-ақ,
математика қоғамдастығының вице-
президенті қызметіне тағайындалды.
130 алғыр студенттердің арасынан топ
жарып шыққан Айжан бұл марапатқа
жыл бойы оқып, қойылған баға
қорытындысының нәтижесінде қол
жеткізген. Бала күнінен есеп шығаруға
құмар қазақ қызының алға қойған
мақсаты биік. Еңбекқор, терең білімді
игеру үшін бар мүмкіндігін пайдаланып
бағуда. «Математика - ғылымдардың
негізі. Барлық қаржы институттары
басқару үшін статистика мен
математикалық модельдерге сүйенеді.
Университетті аяқтаған соң, Қазақстанға
ораламын. Білімім мен тәжірибемді
елімнің дамуына жұмсағым келеді», -
дейді Айжан,