Әлия Молдагулова мәншүк мәметова туралы әңгіме

sPHAgNUM1 sPHAgNUM1    1   16.04.2020 10:54    2

Ответы
MrMut222 MrMut222  17.04.2020 04:30

Екінші дүниежүзілік соғыс майданында ерлікпен қаза тапқан қазақтың даңқты қызы Әлия Молдағұлованың туғанына биыл 90 жыл толды.

Жеке құжатындағы дерек бойынша, Әлия Молдағұлова 1925 жылы 25 қазанда қазіргі Ақтөбе облысы Қобда ауданында дүниеге келген. Анасы Маржан 1930 жылдары ашаршылық кезінде қаза болып, әкесі Нұрмұханбет байдың баласы болғаны үшін қуғын көрген соң, кішкентай Әлия нағашысы Әбубәкір Молдағұловтың тәрбиесінде болады. Сол кісінің фамилиясын алған Әлия Ленинградтағы мектеп-интернатта білім алады. Соғыс басталғанда Әлия Қазақстанға өздерімен бірге алып кетпек болған туыстарына көнбей Ленинградта қалады. Кейін өз еркімен майданға сұранған 17 жастағы бойжеткен мергендер мектебіне қабылданып, дайындықтан өткен.

Әлия Молдағұлова майдандағы алғашқы әскери наградасы – Даңқ орденін 1943 жылы Псков облысындағы Холм қаласы үшін болған ұрыстарда алған. Ал 1944 жылдың 14 қаңтарында Казачиха селосы үшін болған ұрыста опат болған командирдің орнын басып, жауынгерлерді шабуылға бастаған Әлия сол шайқаста өзі де ерлікпен қаза тапқан. 1944 жылы маусымда үкімет қаулысымен Әлия Молдағұловаға «Совет одағының батыры» атағы берілген.

Ресми деректер бойынша Әлия Молдағұлова 78 фашисті өлтірген. Оның денесі Ресейдің Псков облысында жерленген. Әлияның қабірінен ондаған шақырым жерде қазақтың тағы бір ержүрек қызы – Совет одағының батыры Мәншүк Мәметованың зираты бар.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi