Лирикалық кейіпкердің ана тілі туралы айтқан сқздерін дәптерге теріп жазыңдар мағынасын түсіріндер
Расұл Ғамзаұлы - Ана тілі
Адам деген не көрмейді түсінде
Жатыр екем бүгін қабір ішінде
Дағыстанның кең аңғары күн ыстық
Көкірегімде орнаған бір тыныштық
Асау өзен арқырайды жарды ұрып
Жұрт тараған жалғыз мені қалдырып
Мен жатырмын үнсіз туған жерімде
Жер болады балғын тәнім менің де
Мен жатырмын қара жерге табына
Жоламайды келмейді ешкім маңыма
Тек қырандар шаңқылдайды шың жақта
Бұғылар кеп ыңырсыйды бір жақта
кетті ғой деп қыршын ғана жасында
Жыламайды ешким молам басында
Жарым қайда досым қайда кешегі
Анам қалай жатқанымды білмеді
Бар адамнан жатырмын тек бөлек мен
Бір дауысты естіп қалдым кенеттен
Естідім мен осы арадан үнін де
Екі кісі сөйлесті авар тілінде
Мен жатырмын қара жерде көз жұмып
Мына екеуі күбірлейді сөз қылып
Ғасан деген бір кісінің қулығын
Али деген бір кісінің сұмдығын
Естідім де сөзін ана тілімнің
Бойым жылып лезде мен тірілдім
Балгер де емес дәрігер де емес емдейтін
Тек өзімнің тілім екен сөйлейтін
Өзге бір тіл емдер басқаларыңды
Мен онымен айта алмаймын әнімді
Егер тілім ертең болса құрымак
Мен дайынмын өтуге де бүгін ақ