Әлеуметтік желінің әлегі эссе.

arifmametov1 arifmametov1    2   17.03.2021 11:13    0

Ответы
mbolzhatova mbolzhatova  17.03.2021 11:20

Напишите небольшое сочинение о своем следующем отпуске. Следуйте критериям успеха: 1. Три абзаца: Параграф 1: Введение Параграф 2: Действия Параграф 3: Заключение 2. Правильная грамматика 3. Правильное написание 4. Правильная пунктуация 5. Использование слов МОЖЕТ, МОЖЕТ и МОЖЕТ

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
simonlol98 simonlol98  17.03.2021 11:20

Әлеуметтік желінің әлегі

Қазіргі қарыштап дамыған заманда ұялы телефонсыз жұмыс істеу өте қиын. Осы күні қолымыздағы ұялы телефонымыз өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналғандай. Алыстағы жақынымызбен хат-хабар алысу үшін, керекті ақпараттармен сусындау үшін, бос уақытымызды тиімді өткізу үшін телефонның пайдасы орасан зор екені сөзсіз. Алайда, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған, пайдалы ақпараттармен таныстырған бұл құрылғының зияны да жоқ емес. Денсаулыққа тигізер зардабын айтпағанның өзінде, алтыннан қымбат уақытымызды ұрлаған әлеуметтік желінің әлегі шаш етектен.

Ең алдымен әлеуметтік желі деген не? Осыны анықтап алсақ. Әлеуметтік желі- миллиардтаған адамдардың күнделікті жаңалықтарымен бөлісіп, хат-хабар алысатын сайттар бірлестігі. Ол адамдарды өзіне тәуелді етеді, күнделікті тұрмыс-тіршіліктен алыстатып, виртуалдылыққа жетелейді. Әлеуметтік желіде өз пікірін айтып үйреніп қалған адамның өзгелермен сұхбаттасуы, ойын толық жеткізе отырып, сөйлесуі қиын болады.

Айта кетерлік тағы бір жәйт, бұл - әлеуметтік желідегі қазақ тілінің жағдайы. «Ұялы телефонымдағы пернетақтада қазақ тілі жоқ» деген сылтаумен қаншама қолданушы төл әріптерімізді орыс тілінің әріптері арқылы жазып жүр. Онымен қоса сөздерді барынша қысқартып жазады. Осылай жалғаса берсе ана тіліміздің қоғамдағы орны төмендейтіні анық.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi