Әлеуметтік желілерден ғалым да, кәсіпкер де, барлығы да өзіне қажетті ақпаратты таба алады. Әлеуметтік желілер күнделiктi тұрмыс
пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.
Ең маңызды және пайдалысы, алыс-жақыннан, ағайын-тума, таныс-
білістен хат-хабар алмасу үшін қолданылады. Компьютердің, ұялы
телефондардың зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші
жылдарынан бастап жарық көрген. Әсіресе ондағы алуан түрлі ойындар
жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне
зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.
Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары
мынандай: көздің көру қабілетін төмендетеді, омыртқалардың қисаюына
алып келеді, жүйкеге салмақ түсіреді, шаршағыштық, әлсіздік басады.
Бүгінгі таңда әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет сөйлесуден гөрі,
әлеуметтік желілер арқылы сөйлеседі. Көптеген ғалымдардың ойынша,
адамдар әлеуметтік желіде отырған сайын, оның шынайы өмірмен
қарым-қатынасы үзіледі. Әлеуметтік желі арқылы қарым-қатынас
жасаған адам, шынайы өмірде тұйық, көптеген адамдармен сөйлесуі
қиынға түседі, жолында пайда болған мәселелерді шешуге қабілеті аз
болады. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп,
пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық!
1. Компьютердің, ұялы телефондардың зияны туралы мақалалар
қашан жарық көре бастады?
2. Ғаламтордың пайдасы қандай?
3. Ғаламтордың зияны қандай?
4. Әлем халықтарының неше пайызы әлеуметтік желі арқылы
араласады?
5. Әлеуметтік желі арқылы қарым –қатынас жасайтын адам қандай
болады?

lucaa lucaa    3   25.01.2021 11:23    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi