Өленнен тусингенинди жаз

Өнер - білім бар жұрттарТастан сарай салғызды;Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,Жылдам хабар алғызды.Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,Күн жарымда барғызды.Адамды құстай ұшырды;Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;Отынсыз тамақ пісірді,Сусыздан сусын ішірді.Теңізде жүзді балықтай,Дүниені кезді жалықпай,Білгендерге осылар
Бәрі - дағы анықтай,Білмегенде танықтай;
Біз де бекер жатпалық,Осыларға таныспай;
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай;Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай.Біз надан боп өсірдікИектегі сақалды.
Өнер – жігіт көркі депЕскермедік мақалды...
Біз болмасақ сіз барсыз,Үміт еткен достарым,Сіздерге бердім батамды.

fbejgiwndkgk fbejgiwndkgk    2   20.01.2022 11:03    1

Ответы
Disna2006 Disna2006  20.01.2022 11:10
Ыбырай «Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету. Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оны «тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын» елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі – жастар деп ұқты.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi