Лексикалық тақырып : Қазақстан Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Халқының саны 17 миллионнан асады. Археологтардың айтуы бойынша, Қазақстан жерін алғашқы адамдар бұдан 300 мың жыл бұрын мекендеген. Қазіргі Қазақстанның 14 облысында 126 ұлттың өкілдері тұрады. Қазақстан - батысында Каспий ойпаты, шығысында Алтай тауларына дейін үш мың шақырымға, солтүстігінде Батыс Сібір, оңтүстігінде Тянь-Шань шыңдарына дейін бір мың бес жүз шақырымға созылып жатыр. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Республика жерінің үлкендігі соншалық - оның оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығысындағы табиғат бір–біріне ұқсамайды. Оңтүстігінде жемістер гүлдегенде, солтүстігінде әлі қар жатады. Республиканың оңтүстік аудандарында күріш, қант қызылшасы, мақта, жүзім, алма, қарбыз, қауын әр түрлі дәрілік шөптер мен толып жатқан өсімдіктер өсіріледі. Бұл аймақта жаңбыр өте аз жауады, жазы ыстық және құрғақ болады. Іле, Шу, Сырдария өзендерінің мол суы – бұл аймақтың байлығы. Республиканың солтүстігінде астық пен көкөністер жақсы өседі. Бұл өсімдіктерге су онша көп қажет емес. Бұл аймақта күн ыстық емес, жаңбыр да жиі жауып түрады. Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай, жер шарында кездесетін кең байлықтарының бәрі бар. Олар: темір рудасы, түсті және асыл металдар (мыс, қорғасын, қалайы, күміс, алтын және басқалары), көмір, мұнай, фосфориттер. Осыларды игеру барысында жаңа қалалар пайда болды. Олар: Арқалық, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қаратау, Теміртау, Ақтау, т. Б. Грамматикалық тақырып: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі Қазақ тіліндегі сөздердің орын тәртібі мынадай: 1. Баяндауыш (етістік) сөйлемнің соңында тұрады. Мысалы: Студенттер аудиторияда отыр (Студенты сидят в аудитории). 2. Анықтауыш анықталатын сөздің алднда тұрады. Мысалы: Студенттержарық аудиторияда отыр (Студенты сидят в светлой аудитории). 3. Сөйлемде етістік-баяндауыш болмаса, сұраулы есім сөйлемнің соңында тұрады. Мысалы: Мынау ше? (Что это?) Бірінші аудитория қайда? (Где первая аудитория?) 4. Сөйлемде етістік-баяндауыш болса, сұраулы есім оның алдында тұрады. Мысалы: Жәмила қайда отыр? (Где сидит Джамиля?) 1-тапсырма Мәтінді аудару 2-Тапырма 1-АБЗАЦТАҒЫ сөйлемдерге синтаксистік талдау

SillyLittleFool SillyLittleFool    3   16.02.2022 19:34    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi