Лексика-грамматикалық омоним құрайтын сөздерді тауып жаз. Оларды қатыстырып, өтілген тақырыпқа байланысты 5 сөйлем жаз?
Айта кететін бір жайт: 1950 жылдардан бастап халықтың 1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен 1941-1945 жылдардағы ұлы отан соғысы нәтижесінде төмендеп кет- кен саны мен табиғи өсімін көтеру мақсатында бірқатар әлеуметтік жағдай жасал- ды: он жылдық білім енгізілді, жалақы мөлшері өсті, ауруханалар салынды, тұрғын үйлер («хрущевтік үйлер») салу қолға алынды, жүкті әйелдерге жағдай жасалып, балалы әйелдерге берілетін жәрдемақы енгізілді, тегін дәрігерлік көмек халықтың барлық әлеуметтік тобына қызмет етті. міне, осы жағдайлар 1960-1962 жылдары қазақстандағы «демографиялық жарылысқа» мүмкіндік туғызды, қазақстан халқы осы жылдары 22-25% аралығында өсті. ал қазіргі еліміздегі ақылы медицина, емханалардың жабылуы, тұрғын үй мәселесінің шешілмеуі, жастар арасындағы жұмыссыздық, жәрдемақылардың төмендігі не мүлде берілмеуі және т. табиғи өсімнің құлдырауына әкеліп, болашақта қазақ санының кемуі қаупін туғызуда.