Лексика. Берілген терминдерге анықтама жазыңыз, мысал келтіріңіз

  Мысалы етістер – дегеніміз қимылдың орындаушыға қатысын білдіріп, белгілі қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің түрі.

  Өздік етіс

  Өзгелік етіс

  Ырықсыз етіс

  Ортақ етіс

Ульяна2732 Ульяна2732    1   21.10.2020 15:56    3

Ответы
kzizh kzizh  20.11.2020 15:57
Қимылдың іс-әректтің орындаушысына тікелей қатыстылығын білдіретін етістік түрі-өздік етіс деп айтылады. Өзгелік етіс қимылдың, іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі яғни субъектінің өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы істелінетінін білдіріп, белгілі жұрнақтар арқылы жасалады.Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелетіндігі көрінеді де, -ыл, -іл, -л, түбірдің ішінде л дыбысы болса -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалатын етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктен жасалады, өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырады: сөз айт-ылды, уәде бер-іл-ді, шарт жаса-л-ды, үй таза-ла-н-ды, қамал ал-ын-ды, үй сал-ын-ды т. б.Ортақ етісҚимыл, іс-әрекеттің иесі, орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі ортақ етіс деп аталады. Мысалы: Омар мен Оспан хат жаз-ыс-ты. Қыз бен жігіт сөйле-с-ті. Ол бізге үй сал-ыс-ты. деген сөйлемдердегі жазу, сөйлеу, салу қимылдары бір ғана субъект (іс иесі) тарапынан емес, бірнеше орындаушы (Омар мен Оспан, қыз бен жігіт, ол мен біз) арқылы іске асатынын көрсетеді.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi