Өлең түйінін өз сөзіңмен таратып жаз. Ал сен қалай бағыттадың нұрыңды?
Жасырмай айт,
Жасқанбай айт сырыңды,
деп қария ұяң шәкірт - жас Әбуге бұрылды.
Әбу айтты:
- Менде де бар бір арман
Маздап жанып, қол бұлғайтын шынардан.
Ұлы баба, бірақ менің арманым
Парыз бенен махаббаттан құралған.
Шамын жақсам ғылым менен өнердің,
Елімді зор мерекеге бөлермін.
Бұл сапарым азапты да шығар-ау,
Не де болса, пешенемнен көрермін.
Мейлі мәңгі жарымайын киімге,
Мейлі түйір нан қалмасын үйімде,
Мейлі ұлының еңбек етіп арымен
Жүргендігін ұғынбасын қалың ел.
Мен өзіме риза емеспін, елімнің
Сүйеніші бола алмасам егер де.
…Ал Әбу ше?
Кеңге жайды ол қанатын,
Әбуіміз -- әрі ғалым, әрі ақын,
Әбуіміз - біздің ұлы бабамыз -
Әбу-Насыр әл-Фараби болатын.
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда
Үлкен арман керек екен адамға!