Өлеңнен етіс тұлғасында келген сөздерді тауып жасалу жолын көрсетіндер.
Халық тағылымынан Тұзды баспа, Үйде де, қайда да, Шоқты шашпа. Пышақпен ойнама. Күлкі болма елге, Босағада тұрма, Езуіңді керме. Көк шөпті жұлма. Ақыл-есің бүтінде, Кісіге қарай түкірме. Ұлттық салттан бұлжыма: Жұма күні кір жума. Жиі-жиі жуын, Баспа кірдің суын. Малды теппе, Ақты төкпе. Әдепсіздікті таста, Есікті керіп ашпа. Әрқашан әдептен жаңылма, Киімді желбегей жамылма. Дәйім есте сақта, Таңдайыңды қақпа. Жаман әдеттi таста, Баскиімді баспа. се Дастарқанға емінбе, Көп алдында керілме. Адамдарды санама, Түнде айға қарама. Ақылға аялда: Жағыңды таянба. Ұдайы ұста есте, Үлкеннің алдын кеспе. М.Әлімбаев