Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы және "Қадыр Мырза Әлі" қоғамдық қоры поэзия алыбы, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегері Қадыр Ғинаятұлы Мырза-Әлидің 85 жылдығына арналған "Өлеңнің тау тұлғасы - Қадыр ақын" тақырыбында 2-7-сыныптар арасында облыстық мәнерлеп оқу байқауын өткізді.
2 кезеңмен өткен жыр мүшайрасына облыстық және қалалық мектептерден 162 оқушы қатысып, оның 35-і финалға өтті. Мәнерлеп оқу байқауына қатысушылардың оқу қабілеттерін танымал композитор, "Қадыр Мырза Әлі" қоғамдық қорының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Д.І.Қажымов, еңбек ардагері, провизор "Қадыр Мырза Әлі" қоғамдық қорының БҚО бойынша өкілі - М.Берген, Құрманғазы атындағы саз колледжінің білікті маманы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты ұстазы - А.С.Каменова және "Кітапхана саласының үздігі" медалінің иегері, кітапхананың жетекші маманы Г.М.Хамзина саралады. 44 мектеп-гимназиясынан 6 оқушы (3 бастауыш сынып оқушылары, 3 орта буын оқушылары) қатысып, финалға өтті.
Байқау қорытындысы бойынша БАС ЖҮЛДЕНІ 5-7-сыныптар бойынша әділ-қазылардың шешімімен 44 мектеп-гимназиясының 6"Д"сынып оқушысы - МУХТАРОВА РУМИНА жеңіп алып, Алматы қаласында өтетін "Қадыр оқуларына" қатысу жолдамасына ие болды. Ал 2"Ж"сынып оқушысы - Қайржан Аңсағаным, 3"В"сынып оқушысы - Зайткалиева Дильназ, 4"А"сынып оқушысы - Қамал Айкөркем, 5"А"-сынып оқушысы - Ғарифолла Айнара, 7"Г"сынып оқушысы - Базарбай Ералы сынды оқушылар АЛҒЫС ХАТҚА иеленді.
Мәнерлеп оқу байқауының финалдық кезеңінің барлық қатысушыларына ақынның авторлық кітаптары, қосымша құнды сыйлық кітаптар, музыкалық дисктер табысталды.