АТА-АНАҢДЫ ҚҰРМЕТТЕ
Қаперіңде сақта ұлым,
Ата-анаңды ренжітпе.
Сыйлаған саған өмірді,
Ата-анаңды құрметте.
Бұл өмір саған бір келер,
Қадірін біл сол сәтте.
Өткізіп алма уақытты,
Келмейді қайта бір рет те.
Әкең ғой сенің тірегің,
Анашың болса тілеуің.
Тәй-тәй басқан кезіңнен,
Қолыңнан демеп жүрер кім?
Болса да сені әлдилеп,
Өсірді анаң мәпелеп.
Қадірін біл ананың,
Барында сыйла құрметтеп.
Балам деп соғар жүрегі,
Алладан өмір тіледі.
Ақылды болсын балам деп,
Тәрбиесін береді.
Құлақ сал балам сөзіме,
Әкеңнің тыңда ақылын.
Ата-ана деген екінші,
Алладан кейін тұрады.
АТА-АНАҢДЫ ҚҰРМЕТТЕ
Қаперіңде сақта ұлым,
Ата-анаңды ренжітпе.
Сыйлаған саған өмірді,
Ата-анаңды құрметте.
Бұл өмір саған бір келер,
Қадірін біл сол сәтте.
Өткізіп алма уақытты,
Келмейді қайта бір рет те.
Әкең ғой сенің тірегің,
Анашың болса тілеуің.
Тәй-тәй басқан кезіңнен,
Қолыңнан демеп жүрер кім?
Болса да сені әлдилеп,
Өсірді анаң мәпелеп.
Қадірін біл ананың,
Барында сыйла құрметтеп.
Балам деп соғар жүрегі,
Алладан өмір тіледі.
Ақылды болсын балам деп,
Тәрбиесін береді.
Құлақ сал балам сөзіме,
Әкеңнің тыңда ақылын.
Ата-ана деген екінші,
Алладан кейін тұрады.