Өлеңді мәнерлеп оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Өтебай Тұрманжанов

Туған өлкем

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Түлігі өскен алуан - алуан,

Төс, алқабы малға толған.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Ер еңбегі шалқып, тасқан,

Ел еркіндеп бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

1. Өлеңнің негізгі идеясын анықта

А) Адамдардың еңбегін бағалау

Ә) Туған жердің әсемдігін жеткізу

Б) Табиғаттың ерекшелігі айту

2. Өлеңде бар ақпаратты белгіле

А) Туған жердің түтіні де қымбат.

Ә) Туған жерді ақындар өз жырына қосады.

Б) Туған жерімнің алтын дәнді даласы бар.

3.Өлеңде жоқ ақпаратты белгіле

А) Еліміз еркін әрі бақытты өмір сүреді.

Ә) Туған өлкемнің алқабы малға толы.

Б) Туған жер әр адамның алтын бесігі.

ВладимирЛенин1 ВладимирЛенин1    2   12.12.2020 02:26    0

Ответы
ека29 ека29  11.01.2021 02:30

Объяснение:

А) Адамдардың еңбегін бағалау

Б)Туған жерімнің алтын дәнді даласы бар.

А)Туған өлкемнің алқабы малға толы.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi