Өлеңді мұқият оқып. Мазмұны не туралы екенін айтықтап , төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Прочтите стихотворение внимательно. Объясните, о чем идет речь, и выполните указанные ниже задачи.
 
                                       Домбыра
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
 
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
 
Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын
Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.
 
Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік.
Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді
 
Жалған сөйлеп көрген емес соның өзінде:
Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.                                  
 
Қадыр Мырза Әлі
  
1.     Өлеңді қалай атауға болады? Неге? Авторы кім?
2.     Домбыра туралы қандай ақпараттар айтылады?

3.     «Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана». Домбыраның қандай қасиеті туралы?
 
4.     «Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді» деген пікірмен келісесіз бе?
 
 
5.     «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра!» деген жолдарды қалай түсінесіз?

УМОЛЯЮ ЭТО ОЧЕНЬ ВАЖНО

oganyanrobert oganyanrobert    2   02.03.2021 14:58    2

Ответы
papashamuslimo papashamuslimo  01.04.2021 15:02

1 Тапсырма.

Өлеңде қазақтың киелі домбырасы жайлы айтылған.

2 Тапсырма.

1. Өлеңді «Киелі аспап» деп атауға болады, себебі басты тақырып қазақ халқының ұлттық аспабы домбыра жайлы айтылған.

2. Домбыра екі ішектен құралған музыкалық аспап екені және оның көмейіне қорғасын құйылғаны жайлы айтылады (Дәлірек айтсақ, аңыз бойынша Жошыхан баласы туралы жаман хабар әкелген адамның көмейіне қорғасын құямын дейді. Сол кезде бір жігіт келіп домбыра алып, бір күйді тарта жөнеледі. Хан осы күй арқылы бәрін түсінеді, сөйтіп, сертін бұзбас үшін, домбыраның көмейіне қорғасын құйғызады).

3. Домбыра киелі аспап десем де болады. Себебі оның ән айтатын, шер қозғайтын, жан арашалайтын, тарихты жалғастыратын, салт - дәстүрлі сақтайтын қасиеттері бар.

4. «Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді» деген пікірмен толықтай келісемін, себебі домбырадан төгілген әсем ән мен күйді естігенде толғанбау, тебіренбеу мүмкін емес, домбыра кімнің болса да ішкі жан дүниесіне жол табары сөзсіз.

5. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - Домбыра» дегеніміз, менің ойымша, қазақ пен домбыра егіз ұғым, домбыра бағзы заманнан бері халықтың сырын шертіп, әр қазақтың үйінен табылатын киелі аспап, «әу демейтін қазақ жоқ» демекші, домбыраның алар орны ерекше.

Объяснение:ответ не мой ссылка на автора

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi