Құлағанын көрдім, Небары алты жасымда,
Алып тұлғалар жылағанын көрдім,
Бастарын сүйеп ғасырға.
Алып таулардың шайқалғанын көрдім,
Алты жасымда соны ұқтым:
Алып сөздерді айта алғанын көрдім,
Ат төбеліндей халықтың.
Алып кітаптар торыққанын көрдім,
Сол сәтте-ақ одан безінгем,
Алып ойлардың қорыққанын көрдім,
Ең бір нәзік сезімнен.
Алып сағаттар тоқтағанын көрдім,
Өлшенді уақыт жаңадан,
Алып жүректер ақталарын көрдім,
Алты-ақ жасар баладан.
Алып құрлықтар теңселгенін көрдім,
Темір бұғаулар тозғасын,
Алып заңдардың кемсеңдеуін көрдім –
Империяның көз жасын!
Өлеңнің идеясын анықтаңыз.
Автордың алты жасында Қазақстанда қандай тарихи оқиға болғандығы туралы жазыңыз.
1)Өлеңнің идеясы - ҚССР СССР құрылымынан шыққан кезді баяндау.
2)ҚССР СССР құрылымынан шығып Қазақстан мемлекеті тәуелсіз болды.