Ліп оқыңдар. Мәтінді Түсінгендеріңді айтыңдар. — Досым, сен судың не үшін керек екенін білесің бе? – Әрине, білемін. Сусыз өмір жоқ. - Не себепті олай ойлайсың? — Себебі су адамдарға, аң-құсқа, өсімдіктерге қажет. Сусыз тіршілік болмайды. Адам сусыз өмір сүре алмайды. - Сен «Судың да сұрауы бар» деген мәтелді қалай түсінесің? Суды бостан-босқа ағызбау керек. Суды үнемдеп қолдануымыз қажет. Су — өмірдің байлығы. — Иә, суды үнемдеп қолданған дұрыс. Біз суды өте көп ағызамыз. — Суды үнемдеп қолданбасаң, таусылып қалуы мүмкін. — Өзен-көлдегі сулар да таусыла ма? — Әрине, табиғатты қорғамасақ, олар да таусылады. Сондықтан суды қадірлеу керек. Адам аштыққа шыдаса да, шөлге шыдамайды. Мысалы, біз жазда жиі шөлдейміз. Өйткені күн ыстық болады. - Иә, күн ыстықта суды көп ішеміз. Сондықтан суды үнемдейік. Ал сен суды үнемдейсің бе? НАПИШИТЕ ПЕРЕРЕВОД