Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапхана қорында 2 миллионнан аса кітап бар. Жыл сайын қор 50-60 мың кітаппен толығып отырады. Сондай-ақ кітапхана қорында оқулықтар, монографиялар, классикалық көркем әдебиеттер, сирек кітаптар мен XVI-XIX ғасырлардағы қолжазбалар, 250 мың данадан астам мерзімді басылымдар жинақталған. Кітапхана кең түрде таралған әртүрлі абонементтерден, оқу залдарынан тұрады. Жыл сайын Қазақстандық және Ресейлік 850 атаудан астам мерзімді басылымдарын жаздырып алады. Сонымен қатар арнайы магистранттарға арналған оқу залы мен шетелдің әдеби кітаптарының оқу залы бар. Ғимараттың үшінші қабатында электронды кітапхана орналасқан. ҚазҰУ кітапханасының оқу залындағы оқырмандар орындарының саны-1192. Кітапхана жыл сайын 900 мыңнан аса келушілерді тіркейді. 1. Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз (3 cөз).
[1]
2. Қазақ Ұлттық университетінің кітапхана қорында қанша кітап бар?
[1]
3. Кітапхана қоры жыл сайын қанша кітаппен толығып отырады?
[1]
4. Ғимараттың үшінші қабатында не орналасқан?
5. Оқу залындағы оқырмандар орындарының саны қанша?