Әлібектің атасы әбден қартайды. Аяғы жүруден, көзі көруден, құлағы естуден қалды. Ұлы мен келіні атасын отбасымен бірге үстел басына отырғызбай, тамағын бөлмесіне тасып беріп жүрді. Бірде келіні көжені шыны аяққа құйып әкелген еді. Қарттың қолы дір-дір етіп, ыдысты жерге түсіріп алды, Ашуланған келіні: «Үйдегі барлық шыны аяқты сындырып бітірдіңіз! Бұдан былай сізге барлық тамақты итаяққа құйып беретін боламын!» - деп ұрысты. Бір күні ата-анасы ағашпен ойнап отырғанүлдарына көзі түсті, Әкесі: «Не істеп отырсың, Әлібек?» - деп сұрады. «Сендер қартайғанда тамақ құйып беретін тамақ, жасап отырмын, Атам сияқты сендерді де жеке бөлмеде тамақтандыратын боламын», - деді Әлібек ата-анасына қарап. Әлібектен бұндай жауапты күтпеген ата-анасы бұл сөзді естіп, жылап жіберді. Өздерінің қартты ренжіткендеріне қатты ұялып, өз қателіктерін мойындады. Сол күннен бастап, Әлібектің атасы дастарқан басында отбасымен бірге тамақтанатын болды. Ал ұлы мен келіні қарияға қызмет көрсетіп, асты-үстіне түсіп отыратын болды. b) Мәтіннен 6 жалпы есім теріп жаз​

dimka20219 dimka20219    3   18.10.2020 00:36    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi