Қыс, айнала аппақ қар. Балалар жаңа жауған қардан аққала жасап, бір-біріне қар атып мәз болуда. Атам есік алдында қар тазалап жүр. Қысқы тіршілік әрине, жаздағыдай емес. Жақында жаңа жыл болады. Менің қарындасым ақшақар боламын дейді, ал інім аққоян болмақшы.