Кто может решить по быстрому на казахском
1941-1945 жылдары болған Кеңес Одағы мен фашистік Германия
арасындағы соғыста талай жан қыршынынан қиылды.
Міне, осы соғыста ерен ерлігімен көзге түсіп, мерт болғаннан кейін
Кеңес Одағы батыры атанған қаршадай қазақ қызы Әлия
Молдағұлова 1924 жылы Ақтөбе облысының Қобда ауданында
дүниеге келген. 1943 жылдың қарашасында Әлия Холм түбінде
немістерден «тіл» алу мақсатында жүргізілген барлау соғысына
қатысқан. Қаңтардың қақаған аязында қырғын шайқаста 19 жастағы
өрімдей қыз жаңбырша жауған оқтың астында сиреп сиреп қалған
қаруластарын 6 рет шайқасқа өзі бастап шыққан. 1944 жылы 14
қаңтарда Новосокольники ауданына қарасты Казачиха деревнясын
азат етуде Әлия Молдағұлова ғасырларға жалғасқан аңыз қалдырды.
Ерен ерлігімен тарих беттеріне есімі алтын әріппен өрілген
тағы бір қазақ қызы – Мәншүк Мәметова. Ол 1922 жылы Орал
облысы ,Орда ауданы. Жасқұс ауылында дүниеге келген.
Соғыс басталғанда ол медицина институтында оқып жүреді.
1942 жылы өзі сұранып майданға кетіп, 21-атқыштар дивизиясында
болады. Әскери өмірге Мәншүк тез үйреніп, пулемет атуға
машықтанады. Қарудың тілін жетік меңгерген Мәншүк 21-
гвардиялық атқыштар дивизиясының «ең жақсы пулемет атқышы»
атағына да ие болады. Невель қаласын қорғау кезінде Мәншүк
ақырғы оғы таусылғанша жауды жер жастандырып, ерлікпен қаза
табады.
1-тапсырма. Мәтін мазмұнына сай мақалды белгілеңіз. [1]
A. Батырға оқ дарымайды, батылға жау жоламайды.
B. Ерлік білектен емес, жүректен
C. Ер салмағын ел көтереді, ел салмағын жер көтереді.
2-тапсырма

Төмендегі тұжырымдарды мәтін мазмұны бойынша қойыңыз [2]
Тұжырымдар Реті

Мәншүк Невель қаласын қорғауда қаза табады.
Өрімдей жас қыз қаруластарын шайқасқа өзі бастап шығады.
Мәншүк 1942 жылы майданға аттанып, атқыштар дивизиясында
пулемет атуға машықтанады.
Әлия Холм түбінде барлау жұмыстарына қатысқан.

Cat6661313 Cat6661313    3   06.05.2020 10:11    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi