Конституциялық заң қабылданды. Заңда «Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта бүкіл үкімет билігіне ие болады, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес анықтап, оны жүзеге асырады. Дербес мемлекет ретінде ҚР халықаралық деңгейге шығады, өзінің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын халықаралық құқық нормалары негізінде құрады» деп жазылған.
Тәуелсіздік жарияланғаннан соң, бұрынғы Қазақ Республикасының аумағы тәуелсіз жаңа мемлекеттің аумағы деп танылды. Бұл аумақ бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды. Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттың азаматтары біртұтас Қазақстан халқы болып табылады. Барлық азаматтар ұлтына, шыққан тегіне, қызметіне, мекеніне қарамастан тең құқықтар мен бостандықтарға ие болды.
1993 ж. 28 ақпанда тәуелсіз ҚР Конституциясы қабылданды. 1995 ж. 30 тамызда Конституция уақыт талабына сай қайта қаралып, оның жаңа нұсқасы қабылданды. Конституцияның бірінші бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған.
Мәтінге байланысты тест тапсырмалар:
1. Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы не?
A) адам
D) адамның өмірі
C) адамның құқықтары
D) адамның бостандығы
E) аталғандардың барлығы
2. Конституцияның жаңа нұсқасы қашан қабылданды?
A) 1991 ж.16 желтоқсан
B) 1993 ж.28 ақпан
C) 1995 ж.30 тамыз
D) 1991 ж. 28 ақпан
E) 1995 ж.16 желтоқсан
3. Қазақстан республикасы өзін қандай мемелекет ретінде орнықтырады?
A) демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
B) демократиялық, зайырлы, тәуелсіз және әлеуметтік мемлекет
C) демократиялық, зайырлы, құқықтық және егеменді мемлекет
D) тәуелсіз, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
E) демократиялық, тәуелсіз, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
4. «Правовой» сөзінің қазақша баламасын тап:
A) саяси
B) зайырлы
C) мемлекеттік
D) құқықтық
E) әлеуметтік
5. «Тәуелсіз» сөзіне мағынасы жақын сөзді тап:
A) бостандық
B) еркін
C) тәуелді
D) бодан
E) мемлекеттік