Климаттың ғаламдық жылынуы фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күні ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруіне көптеген дəлелдер бар. Қазақстанда ауаның орташа жылдық температурасы 1936 жылдан бастап 2005 жылдар арасында əрбір 10 жыл сайын 0,31 С градусқа жоғарылап отырған. Соңғы 50 жылда Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға қысқарған. Үкіметаралық сарапшылар тобының (КӨҮСТ) болжамдары бойынша егер климаттың өзгеруі мен күннің жылынуы осы қарқында өрбитін болса, XXI ғасырдың ортасында орташа температура 6 градусқа жоғарылауы мүмкін. Бұл өз кезегінде 2 градусқа жылынудың өзі кері салдарға əкеп соғатын күрт континенталды Қазақстан үшін орасан зор апат болып табылады. Бүгінгі күннің өзінде еліміздің территориясының 75% экологиялық тұрақсыздық тəуекеліне ұшырап отыр. Алапат ыстық, құрғақшылық. Тіршіліксіз шөл даланың аумағы солтүстікке қарай 300-400 шақырымға жылжиды. Су ресурстарының жетіспеушілігі мал жайылымдарының азаюына əкеліп соғады жəне ауыл шаруашылығына ауыр соққы болып табылады. «Қазақстанда климаттық тəуекелдерді басқару» БҰҰЖЖ жобасы мамандарының пайымдауынша табиғаттағы процестердің белгілі бір циклға бағынатынына қарамастан температураның жаһандық жоғарылауы нақты дəйек болып табылады.
Қазақстанда температураның жоғарылауы жауын-шашын мөлшерінің артуымен өтеліп отырған жоқ, бұл белгілі бір тəуекелдерге алып келеді. Бізді алда өзендердің ағысының өзгеруі күтіп тұр, экстрималды табиғи құбылыстары көбейеді, жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады.
Какой вопрос поднимается в тексте?

bessmertny69 bessmertny69    2   02.11.2020 06:23    0

Ответы
masha091115 masha091115  02.12.2020 06:28

ааж аллах ыл аыз оз ааж ахаж долл

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi