Кластер на улы жібек жолы ! по казахскому

НелиЗильбирштейн НелиЗильбирштейн    3   16.03.2019 04:47    14

Ответы
mariaks16 mariaks16  16.03.2019 05:50

ұлы жібек жолы – қытай жерінен басталып, қиыр шығыс пен еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. бұл жолдың басым бөлігі орта азия мен қазақстан жерінің үстімен өтті.

жібек жолы б.з.д iii ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, xvi ғасырға дейін қызмет етті. жібек жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды.

ұлы жібек жолы арқылы тек сауда жүйесі қана қоймай, шығыс пен батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады.

vi-vii ғасырларда қытайдан бастау алған керуен жетісу мен оңтүстік қазақстан даласын кесіп өтетін. отырар, тараз, сайрам (испиджаб), түркістан (яссы), суяб, ғұн т.с.с көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.

ертеде тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «тараз базары – әлем айнасы» дейтін. себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi