класс
Гендік модификацияланған өнімдер жайындағы отандық профессор, ғалымдардың пікірлері
– Бүгінде гендік модификацияланған өнімдер жайында екіұшты ойлар айтылып келеді, өздеріңіз де бұл мәселені талай көтеріп келесіздер...
Т. Шарманов (Қазақ тағамтану академиясының президенті). Мен бұл туралы көп айттым. Негізі, оның еш зияны жоқ. Көпшілік қате ойлайды немесе кейбіреулер әдейі қателестіреді. Модификацияланған өнім – ішінде пайдалы дәрумендері көбейтіліп, жақсартылған өнімдер. Ал ол қалай алынады? Әртүрлі организмдерді реттеп, ең жақсы дүниелерін жинақтайды, ол сыртқы зиянды әрекеттен сақтауға әсер етеді. Көпшілік «ГМӨ генетиканы өзгертеді екен» деп адастырады. Ол дәлелдеуге келмейтін жалған ұғым. Өйткені генді өзгерту үшін генді модификациялаған факторды үлкен инженерлік әсермен ғана кіргізеді. Әсер ететін түрлендіру факторы (модифицирующий фактор) сыртта қалады, ешбір ішке кірмейді.
Адамның ғана емес, өсімдіктердің, жан-жануарлардың жасушасы бірнеше қабат қорғалған, оған кіру мүмкін емес. Қанша тырыссаң да кіргізе алмайсың. Мысалы, Америкада соя бұршағының 70 пайызы генді модификацияланған. Мұндай тамақты Америкадан артық ешбір ел дайындамайды. Америкалықтар - өз денсаулығын күту, сақтау жағынан алдына жан салмайтын халықтың бірі. Олар ғылыми жолмен әрбір азаматтың денсаулығын сақтауға мұқият қарайды, арнайы ұйымдар жұмыс істейді. Онда ГМӨ өсімдіктер жыл сайын өсіп жатыр. Жиырма жылдан асты, әлі бірде-бір зиянын көрсеткен дерек жоқ. Зиянды әсері болып жатқан күнде ғылыми түрде жан-жақты тексеріліп, жойып жібереді.
– Гендік модификацияланған өнімдердің қаупі бар ма, әлде қауіптенуге себеп жоқ па?
E. Раманқұлов (Қазақстан Ұлттық биотехнология орталығының
жетекшісі). Халық ғылыми-техникалық прогрестің жаңа, бірегей жетістіктеріне сенімсіздікпен қарайды, әсіресе тұтынушылар көп болған жағдайда. Біз ғалым ретінде адамдардың алаңдаушылығына түсіністікпен қараймыз, өйткені Гмө тұтынудан белгілі бір салдар туындау мүмкіндігін жоққа шығармаймыз. Менің ойымша, халық арасында гмө туралы аңыз тым көп. Түрлі елдерде гмө тұтынудың 20 жылдық тәжірибесі
оның адам денсаулығына зиянды әсерінің бірде-бір дәлелін көрсеткен жоқ. Ал Батыстың халқы өз денсаулығы мен тамағының сапасына аса қамқорлықпен қарайды. Қазақстандағы ГМӨ проблемасына тоқталсақ,
елімізге импортталған тағам өнімдерінің басым бөлігінің құрамында ГМӨ барын атап көрсету керек. Мысалы, дәмдеуіш ретінде кеңінен пайдаланылатын кетчуптар мен майонездердің құрамында Еуропаға АҚШ-тан экспортталатын гендік модификацияланған соя бар. Яғни, біз өзіміз білмей, құрамында ГМӨ бар өнімдерді бұрыннан тұтынып келеміз.
5-тапсырма.
Ғылыми стильде ГМӨ туралы үш-бес сөйлеммен шағын тезис жазыңдар