Китап алтын казынасы турков шыгарма мен 3жоспар

ера2009 ера2009    2   27.04.2020 09:08    2

Ответы
Masha20468 Masha20468  04.09.2020 15:15

Что то что то что то что. То

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Dobro118 Dobro118  04.09.2020 15:15

ответ:Жоспар:

1) Кітап-біздің досымыз.

2)Кітапқа деген құмарлық.

3)Кітапқа құмар жан.

Кітап - біздің досымыз. Онсыз адамның өсуін де мүмкін дей алмаймын. Көпшілік адам жас қосылған сайын өседі дейді. Алайда, менің ойымша, адамды жас ұлғайған сайын емес, ақыл ұлғайған сайын өседі. Ал ақылдың ұлғаймағы үшін біліммен сусындау қажет.

Мен бала күнімнен кітапқа құмартып өстім. Кітап оқи отырып ондағы әлемге саяхаттап, таным-түсінігіңді арттырасың. Тіпті, көркем әдебиетті оқи отырып, адам тануды үйренесің. Бәрінен бұрын, кітап адамшылыққа үйретеді. Ақылыңа ақыл қосар кітаптың руханиятыңды гүлдендіріп, көкірегіңе нұр шашатыны анық.

Айналаңа қарап отырсаң кітап оқитын жандар мен кітап оқымайтындардың арасында жер мен көктей айырмашылық бардай көрінеді. Кітапқа құмар жан кез-келген тақырыпта еркін сөйлесіп, танымыңды арттырып, көкейіңе білім сәулесін түсіретіндей. Онымен емен-жарқын сөйлесе отырып қаншама мағұлмат алып, құнды пікірлермен бөлісіп, ой алмасасың. Жақсы кітап адамды тек жақсылыққа баулып, дүниеге көзқарасын кеңейтеді. Сондықтан оны адамның жанашыры, жақын досы деуге болады

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi