Кестедегі тірек сөздер мен тыңдаған мәтіннің мазмұнына сүйеніп, «Құс жолы» тақырыбына диалог құрастыр
вот текст
Құс жолы
Айлы түннің бұлтсыз аспанында солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан
ақ жолақ көрініп тұрады. Ол Құс жолы деп аталады. Оған Күн жүйесі және тағы
осындай бірнеше жұлдыздар жүйесі кіреді.

Құс жолы - әлемдегі миллиондаған галактикалардың біреуі. «Галактика» сөзі
ежелгі мысырлық «гала» - «сүт» деген сөзден шыққан. Бұл галактика «Сүт жолы»
немесе «Құс жолы» ретінде әйгілі.

Құс жолы галактикасы 200 миллиардқа жуық жұлдыз, жұлдыздар шоғыры, газ
бен тозаң тұмандықтарынан құралған. Олар әртүрлі бағытта өте жылдам қозғалады.
Алайда кеңістікте жұлдыздар бір-бірінен алшақ орналасқан Сондықтан да олар бір-
бірімен еш қашан соқтығыспайды.

Құс жолы әртүрлі болып көрінеді. Спиральді галактиканың екі жеңіне
қарағанда ядросында жұлдыздар тығыз орналасқан. Жер ғаламшары Құс жолының
жеңдерінің біріңде, галактиканың шетіне қарай орналасқан.

Құс жолы күз айларында жақсы көрінеді. Жыл құстары көктемде келгенде
және күзде жылы өлкеге қайтқанда осы жолдың бағытымен ұшады екен.​

snezhanashikolai snezhanashikolai    1   04.05.2021 08:41    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi