керек Жаттығу жұмыстары
76-жаттығу. Көшіріп жазып, дара етістіктің астын бір, күрделі етістіктің астын екі сызыңдар.
Шешенің өзіне тиісті он бес минуттан үш минут асып кеткен еді(Ә.Нұрш.). Осы шақта арбадан мол денелі долаушының өзі де түсті.(М.Ә.) 3. Енді шопан деген сөз инженер, агроном, механизатор деген мамандықтар дәрежесінде естіледі (Л.Ж.). 4. Ербол Абай сөздеріне сүйсініп отыр екен (М.Ә.).
100-жаттығу. Етістіктерді тауып, түрлеріне ажыратыңыз, қосымшаларының астын сызыңыз.
Татымсыз көже таусылмас (М. Әлім.). Тазының сақсақ еткен, оңды-солды лыпып тұрған азулары тәжірибесіз бөлтіріктердің тісін денеге дарытпады (М. М.). Сары сақал мұнымен қоймай, Қатшаға бұйрық етті (М. Ә.). Жұрт көп жиналды. (А. Тоқм.). Мал жер емеді, адам мал емеді (Ғ. Мүс.). Ердің атын еңбек шығарады (Мақал). Ебейсін өзіне осынша ықылас білдіріп шұрқырасып жатқан кісілерге омырауын аша қоймады (Ә.Нұрп.).
(С.Хасанова, Қазіргі қазақ тілі морфологиясынан пысықтау жаттығулары,93-95 беттер)
208-жаттығу. Етістіктерді тауып, сұрақ қою арқылы сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын көрсетіңіздер.
Үлгі: қайран қалдым – мен не істедім? – баяндауыш.
Кітапқа құмарлық
Мен тағы да бір нәрсеге қайран қалдым. Әуезов Маяковский жайлы әңгімеге ауысты. Және бұл салада да орыс әдебиетшілерінің өздері қызыққандай мол білім иесі екенін танытты. Кейінірек Әуезовтің орыс кеңес прозасын үзбей оқып отыратынына көзім әбден жетті. Ол Горький ен Гладков, Фадеев пен Федин, Шолохов пен Шагинян, Серфимович пен Соболев, Пришвин, Павленко еңбектерін былай қойғанда, Леонид Соловьев және Сергей Колдунов сияқты жастар прозасын да жақсы біледі екен. Бұл бір қайран қаларлық жайт еді.