Керек). Профессор Ә.Жамалов күн энергиясын пайдалануға байланысты зерттеу жұмысына
жарты ғасырға жуық өмірін арнады. Ташкент қаласында жұмыс істеп жүргенінде ол баламалы
энергия көзін өндіру ісін бастады. Мәскеу қаласының мамандарымен бірігіп, 1000 шаршы
метрлік Күн энергетикалық қондырғысын жасады. Осы қондырғымен екі қабатты ғимаратты
жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етті. Кейін Алматы қаласына келгеннен кейін де
зерттеу жұмысын жалғастырды. Ол Үлкен Алматы каналын салу құрылысы кезінде күн
энергиясын пайдаланып, тәулігіне 100-ге жуық адамды ыстық сумен қамтамасыз етті. Өкінішке
орай, сол кезде жер қойнауындағы пайдалы қазбалар әлі де жеткілікті болғандықтан, баламалы
энергия көздерін пайдалану қажет болмай қалды.
Ал 2013-2015 жылдары ол зерттеу жұмыстарының грантын жеңіп алды, сөйтіп шағын су
электр стансасын іске қосты. Аталған қондырғы EXPO 2017 халықаралық көрмесінде
шетелдік мамандар тарапынан өз бағасын алды.
Ол кісі аталған қондырғыны болашақта жел турбинасымен, күн панелімен біріктіріп,
әмбебап баламалы энергия көзін жасауды жоспарлап отыр.
1. Мәтіндегі мәселе бойынша ғалымдардың мақсаты қандай болуы мүмкін?
А. баламалы энергияны күнделікті өмірге енгізу
В. зауыттарға ауа тазартқыш фильтрлер орнату
С. қоқыстарды қайта өңдейтін зауыттар салу
D. балама энергияны зерттеуге грант жариялау
1
[1]
2. Бос орындарға қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.
А. «Қазақстан 2050» стратегиясында
қойылады.
өндіру
мақсаты
В. Жер қойнауымыз
тапшылығын көріп отырған жоқпыз.
бай болғандықтан, біз энергия
[1]
С. Профессор ғылыми-зерттеу грантын жеңіп, нәтижесінде
іске қосты
[1]