Келтiрiлген мысалдардан туынды қимыл мағыналы сөздердi тап. Бiрақ Құнанбай оны есептемей, Алшынбайға өз бергенiнiң дәл өзiн жiбермептi (М.Ә.). Жолдасым отыз-қырықтардың шамасындағы жер ортасы адам, сиректеу сақал, мұрты бар; қара бұжыр, күлiмсiреп дөңгеленiп тұрған қара көздi…(Б.М.). Сөйттi де, анталап тұрғандардың түгелiне бiр қарап шықты (Д.Н.). Жас тәнiм ажарланып күннен-күнге, Бәйшешектей құлпырар түрден түрге(С.Т.). Жiгiт күллi ақындар мен әлемге деген ренiшiн сәл ғана сәтке қоя тұрып, бұған күлiмсiрей қарады.