«Келісу, келіспеу» эссесі – ұсынылған тақырыптан ауытқымай, ой жүйелілігін сақтап, көтерілген мәселе бойынша өз ұстанымын анық көрсетіп, келісу-келіспеу себептерін дәлелдеп жазу. Тақырып:
Эссені жазу барысында жауаптың бірін таңдау керек: «келісемін» не болмаса «келіспеймін». Таңдаған жауабыңа сай ойыңды дәлелдеп шығасың. Егер келіссең, келіскендігіңді, ал егер келіспесең, онда келіспейтіндігіңді дәлелдеп шығасың. Келісу\келіспеу эссесінің жазылу үлгісі
Кіріспе
Берілген ойдың біреуін таңдайды.
Негізгі бөлім
Келісудің/келіспеудің бірнеше себебі көрсетіледі, оны тақырыптық сөйлем деп атайды. Тақырыптық сөйлем деген идеяның қысқаша мазмұны. Берілген идеяға толығырақ тоқталып, не айтқың келетінін нақты түсіндіру керек, яғни көзқарасыңды білдіресің. Көзқарасыңды растайтын аргументтер келтіріледі. Қандай да бір көзқарастың шынайылығына сендіру үшін өмірден, әдеби шығармалардан мысал келтіреді.
Қорытынды бөлім
Кіріспедегі ойды өңдеп жазу және негізгі бөлімдегі екі дәлелді қорытындылау.

GLid GLid    1   02.11.2020 17:12    260

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi