– Кекілін қара-ей, өзінің, жаман әліне қарамай, – деп қағытып өтті Есікбай. Біз күлкіміз келмесе де оның сөзіне қошемет білдіріп сықылықтай күлдік. Жаңа келген бала қызараңдап теріс айналып кетті. – Ә... Мен білдім, – деді Садық мақтана дауыстап. Онан соң әлгі баланың алдын орай өтіп: – Ей, бала, сендер кеше көшіп келдіңдер ғой, ә? Қоңыр сиырларың бар ғой, ә? – деді.
– Иә, – деді томсырайып тұрған бала оның сөзіне күлімсіреп. – Қоңыр сиырымыз бар.
– Атың кім?
– Аян.
Біз, бәріміз, тегіс ұмытып қалмайық дегендей: «Аян, Аян»... – деп күбірлесе қайталап қойдық.
– Жүр, жолдас боламыз, – деді Садық оның аппақ білегінен қап-қара қолымен ұстай алып. Аян оның қолына қарады да қызараңдап тұрып, ақырындап білегін босатты.
– Сендер жақ ыстық екен. Суға түспей қалай шыдайсыңдар? – деді.
– Түсеміз. Анау арада тоспа бар. Жүр, түсейік. Суы во!.. – деп Садық ауылдың жоғарғы жағындағы шұңқыр-тоспаны жерге сыйғызбай мақтай жөнелді.
– Мен судың астында алпысқа дейін санап жата аламын, – деп бөсті Садық.
– Менің де мынадай ақ көйлегім бар. Үлкен сандықта жатыр, апам кигізбейді, – деді көп үндемейтін Қосым тырнауық та.
Қосым төбелескенде ылғи баж етіп кеп бетті тырнайтын, сондықтан оны тырнауық дейтінбіз, өзінен көп балалар қорқатын. Оған тек Есікбай ғана тік келуші еді. Қазір де ол:
– Ой, кетші ары, тырнауық мысық. Сенің үйіңде алтын барын да білеміз, – деп ентелеп келе жатқан Қосымды көкірегінен итеріп жіберді.

«Жусан иісі» повесі
Бала қызараңдап теріс айналып кетті. Кімге қатысты айтылған? *
Берікбай
Садық
Аят
Қосым
Аян
Мәтінде асты сызылған тіркестің мағынасына сай келетін фразеологизмді таңдаңыз. *
Езу тарту
Жең ұшынан жалғасу
Мәз болу
Пұшайман болу
Шашбауын көтеру
Диалогке жалпы саны қанша бала қатысты? *
2
7
5
4
3
Оған тек Есікбай ғана тік келуші еді. Төмендегі тіркестердің қайсысы қарамен ерекшеленіп берілген тіркестің мағынасын дұрыс ашады? *
қарсы келуші еді
тең келуші еді
сай келуші еді
кедергі жасаушы еді
бөгет болушы еді
Үзіндіге ат қоятын болсақ, негізгі идеясына қай атау сай келеді? *
Мақтаныш
Кім күшті?
Танысу
Есікбайдың ерлігі
Суға түсу

Аделина2201 Аделина2201    3   22.11.2020 16:01    4

Ответы
KARKARACH KARKARACH  22.12.2020 16:04

Объяснение:

1.Берікбай

Езу тарту

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi