Казыбек биге бир "ким жакын не кымбат не киын"дегенге жауап беринизши деп сурапты сонда атакты би калай жауап кайтарган екен

ааааааа59 ааааааа59    3   28.09.2019 05:30    4

Ответы
Ibra4660 Ibra4660  11.08.2020 08:17
Бір адам Қазыбек биге: «Кім жақын, не қымбат, не қиын?» деген үш сұраққа жауап беруді өтініпті. Сонда би оған былай үн қатыпты:-Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын – қарындасың,
Сыбайлас болса, нағашың жақын.
Адал болса, досың жақын,
Еркелейтін немерең жақын.
Жан серігің жас кезіңнен
Бәрінен де әйелің жақын.-Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың – әкең қымбат,
Туып өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.-Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқылаған сөз қиын,
Дәл осындай жағдайда,
Пана болмас өз үйің.
Жазылмаса дерт қиын,
Іске аспаған серт қиын.
Ақылыңнан адасып,
Өзің түскен өрт қиын.
Не істеріңді біле алмай,
Ашиды сонда бас, миың .Қазыбек би
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi