Казактын атакты суретшісі туралы ақпарат.әлемге танымал

ceneral ceneral    2   21.01.2020 20:04    1

Ответы
zhivotkhanova95 zhivotkhanova95  21.01.2020 23:03

ответ:

әбілхан қастеев  (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. туып-өскен жері —  алматы облысына  қарасты  жаркент  төңірегі. топырақ бұйырған жері — алматы қаласы. қазақстанның халық суретшісі (1944). қазақстан суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956).

объяснение:

еңбек жолын түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. мәскеудегі көркемсурет студияcында н.г.хлудов пен  и.бродскийден  сабақ алды (1929-1936). халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.

әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. анасы айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер болыпты. әбілхан осы халық өнеріне кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. оның 1930-1931 жылдары салған "қарындастың портреті", "автопортрет" атты туындылары тұпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. оның "мектепте" (1930), "түрксіб" (1932), "жамбылдың портреті" (1937), "ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "амангелді сарбаздары" (1970), "жас абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіресі іспеттес.

болатын шыгар)

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi