Казакстаннын кызыл китабы эссе 100 -120 соз​

yuliyabondar2 yuliyabondar2    3   26.12.2019 17:23    4

Ответы
томкавеликая томкавеликая  10.10.2020 23:29

“Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды.Қазақстанның Қызыл кітабына жан­уарлар, өсімдіктер мен саңырау­құлақ­тар­дың сирек кездесетін және құрып кету ал­дындағы түрлерінің тізімі топтасты­рылған. Бұл кітапқа омыртқалылардың 128 түрі енгізілген, оларды іштей жіктейтін болсақ – балықтар мен дөңгелекауыз­ды­лардың 18 түрі, қосмекенділердің үш түрі, бауырымен жорғалаушылардың 10 түрі, құстардың –  57, сүтқоректілердің – 40 түрі. Жойылып кету қаупі бар деп сана­латын қос­мекен­ді­лердің ішінде Жетісу бақатісі, Дана­тин ба­қасы және Сібір бақасы бар. Ал бауы­рымен жорғалау­шы­ларға келсек, олар – ала батбат (кесірт­ке), Зайсан кесірткесі, сұр кесіртке, бақы­раш­көз кесірт­ке, қызыл жолақты жылан, сары жы­лан, сары бауыр жылан, төрт­жолақты жылан, шұбар жы­лан.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi