Анам берген туған тілім, Атам берген құрал тілім. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ой өсіреді. Ана тілің алпыс тілге татиды. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден. Адам көңілінен азады, Тілінен жазады. Айтпас жерде тілің тарт. Ана тілі – бәріміздің анамыз, Өйткені ол – ұлтымыздың анасы. Ана тілің алпыс тілге татиды. Ақынның тілі қылыштан өткір. Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады. Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады. Ашынған тілді болар, Ашыққан ұры болар. Ауызда жиек жоқ, Тілде тиек жоқ. Әдеп басы – тіл. Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты. Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ. Бал тамған тілден у да тамар. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле. Басқа пәле – тілден. Жаман көлдің суы ащы, жаман қатынның тілі ащы. Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа, Ең алдымен өз тіліңді дұрыста. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау. Қазақтың ақылы – көзінде, Қасиеті сөзінде. Қотыр қолдан, пәле тілден жұғады.
Атам берген құрал тілім.
Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
Ана тілің алпыс тілге татиды.
Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт
Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден. Адам көңілінен азады, Тілінен жазады. Айтпас жерде тілің тарт.
Ана тілі – бәріміздің анамыз, Өйткені ол – ұлтымыздың анасы.
Ана тілің алпыс тілге татиды.
Ақынның тілі қылыштан өткір.
Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады. Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.
Ашынған тілді болар,
Ашыққан ұры болар.
Ауызда жиек жоқ,
Тілде тиек жоқ.
Әдеп басы – тіл.
Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.
Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.
Бал тамған тілден у да тамар.
Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле.
Басқа пәле – тілден.
Жаман көлдің суы ащы, жаман қатынның тілі ащы.
Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа,
Ең алдымен өз тіліңді дұрыста.
Көнектей басыңа шүмектей тілің жау. Қазақтың ақылы – көзінде,
Қасиеті сөзінде.
Қотыр қолдан, пәле тілден жұғады.