Бала күнімізде денешынықтыру сабағын ұнамайды деп айта алмаймын, дегенмен маған қиындықтар тудырғандықтан келеңсіз жағдайларға тап болатын едім. Бір күні мұғалім ертең дайындалып келіңдер, есектен, аттан секіреміз,-деді. Дала жауын-шашын күзді күн болатын, дайындалып келдім, әрине. Спорт залда киетін киімдер алмадым, өзіммен. Менен өзге оқушылар спорт залға бет алды, мен мұғалімнен есекпен аттан секіреміз демеп пе едіңіз дедім. Ол, ия, - деп спорт залға шақырды. Менің есек пен ат деп жүрген спорт құралдарының бір түрі екен . Осылай жұртқа біраз уақытқа дейін күлкі болғаным бар. Осыдан кейін алдыма анық мақсат қойдым. Тілді жақсылап үйрену, ана тілінен басқа тілдерді де, терминдері үйрену, спортқа қатысты да, басқа да, міндетті түрде спортпен шұғылдану. Секіруден биіктікке де қашықтыққа да, алдыма жан салмау. Барлығы арман, орындалды.