КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК1. Жағдаят бойынша екеуара сөйлесіңіздер. А. Сіз ұлттық киім сатылатын дүкенге келіп, көйлек не камзол сатып алғыңыз келді. Киіп көріп, ұнатпай тұрғаныңызды айттыңыз. Сатушы сізге жарасып тұрғанын айтты. Сатушы мен сатып алушы роліне еніп, өзара сөйлесіңіздер. Сұхбатты сіз бастайсыз. Ә. Сіз сатушыға камзол мен қазақтың ұлттық көйлегін сатып алғыңыз келетінін, өлшеміңізді, көйлектің де, камзолдың да түсін, ұзындығын айтасыз. Сатушы көрсеткен алдыңғы екі үлгі де сізге ұнамағанын айтасыз. Б. Сатушы сізге бірнешеуін көрсетеді. Сізге таңдауға көмектеседі, ұсынады, ақыл-кеңес береді. Киімдердің жарасатынын / жараспайтынын айтады.