Казахский язык соч памагите 5 класс​

ChupinMaxim ChupinMaxim    2   17.05.2020 17:14    1

Ответы
Valya039782 Valya039782  14.10.2020 21:21

ответ:Қобыланды батыр – қаһармандық символы, қазақ халқының мақтанышы. Қобда ауданы Жиренқопа жеріндегі Жалғызоба, Қособа,Бесоба - Қобыланды батырдың қалмақтармен соғысқан іздері. «Қобыланды батыр» жырындағы Қособа, Жиренкөл, Ешкіқырған, Тасбұлақ тауы, Тұшман бұлағы бүгінге дейін өзгеріссіз осылай аталды. Қобыландының бейіті – Қобда өзенінің шығыс жақ жағалауында, Жиренқопа елді мекенінің іргесінде. Бейіт беріректе қоршалып, 1995 жылы басына белгі қойылды. 2006 жылы батырдың мүрдесі қайта жерленді.

        2007 жылы Қобыланды батырға арналып салынған кесене – XXI ғасырдағы теңдесі жоқ биік әрі көрнекті архитектуралық ерекшілігі бар құрылыс. Қобыланды батыр кесенесінің аумағы мынадай:

        Дулыға пішіндес кесененің биіктігі - 17,5, ені – 12 метр. Төбесінен қарағандағы мавзолей қалқан, дулыға, садақ пішіндес архитектуралық кескінді бейнелейді. Қобыланды батырдың қайрақ тасының ұзындығы – 3 метр, ені – 60 см. Күні бүгінге дейін сақталған қобыланды қылышы осында қайралған.

        Бір замандарда батыр сүйегі жатқан жерде мазар болған. Ол мазар жөнінде 1906 жылы В.В. Карлсон, кейін Жозеф-Антуан Кастанье жазып кеткен. Мазар ерте кезден бұзылып, XX ғасырдың бас кезінде үйінді болып қалған.

        ХХ ғасырдың елуінші жылдары ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан осы бейіт басында болған. Алпысыншы жылдардың аяқ кезінде антрополог Ноэль Шаяхметов қазба жұмысын жүргізіп, Герасимов әдісімен бас сүйегіне қарап батырдың кескінін жасауды жоспарлайды.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi