КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК ОТВЕТИТЬ НА ВОПРОС ПО ТЕКСТУ! - Босағада отырған жігітті неліктен ешкім елемейді?
Әл-Фарабидің Ирандағы өмірінен бір қызықты оқиға . Иранның ұлығы әл-Фарабидің музыкасына құмар болып, оны сарайына келтіре алмай жүреді. Бір күні әл- Фараби келеді, бірақ кім екенін білдірмейді. Оның үстінде шаруа шапаны, басында бөркі ,аяғында кебісі болады. Белбеуінде қылышы, үсті-басын шаң басқан, қолында таяғы.
Бұл жіңішке қара мұртты, өткір көзді, қыр мұрынды, кең маңдайлы, бидай өңді, бойы ортадан гөрі ұзындау, ат жақты, кең иықты, ашаң жігіт екен.
Жолаушының бейнесі алыс жердің адамына ұқсайды. Оған ауыз жақтағы ас үйден орын береді.
Сауықта отырғандардың киімдері, аспаптары жарқ-жұрқ етеді. Босағада отырған жұпыны киімді жолаушы жігітті ешкім елемейді.