Казахские сказки — қазақ ертегілері / қазақша назад айды аспанға бір шығардым қожанасыр бір күні әбден шөлдеген соң су алып ішпек болып, түнде құдыққа барады. құдыққа қауға салып тартса, шықпайды. «бұған не болды? » - деп, қожанасыр үңіліп қараса, құдықтың түбінен ай көрінеді. «ә, қауғам айға ілініп қалған екен ғой», - деп, қожа жұлып тартып қалғанда, қауғасы шығып кетеді, өзі шалқасынан түседі. жерге басын соғып, есеңгіреп қалған қожанасыр әлден уақытта көзін ашса, ай аспанда тұр. сонда қожекең қуанып: - не болса, о болсын, айды аспанға бір шығардым-ау! - депті. переведите по быреку 100