Каспий теңізі – Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап оны «теңіз» деп атайды. Оның «Гиркан», «Хазар», «Хвалын» деген тарихи атаулары бар. Каспий теңізі көне дәуірде жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінген. Теңіздің жалпы ауданы – 376 мың шаршы км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созылып жатыр. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шаяды, олар: Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түркіменстан, Иран Ислам Республикасы. Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар құяды. Оның 80%-ы Еділ өзенінің, 5%-ы Жайықтың үлесіне тиеді. 1-тапсырма. Мәтінге ат қойыңдар. [1]
Мәтіннің негізгі ойын 1 сөйлеммен жазыңдар.[1]
Мәтіннен қосымша ақпаратты табыңдар. [1]
Мәтіннен есімдіктерді тауып, теріп жазыңдар. Олардың түрін анықтаңдар
1)каспи теңіз 2)каспи 3)130ғажуық өзендер мен ағынды сулар