Каратпа созге 5 сойлем кыстырма созге 5 сойлем одағай созге 5 сойлем

Yoidzokumi Yoidzokumi    2   12.07.2019 03:40    2

Ответы
ANJELIKA2030 ANJELIKA2030  18.09.2020 07:24

Қаратпа сөздерге мысал сөйлемдер:

Достым, осы сенің руың кім еді, ұмытып тұрмын?

Анашым, сіз білесіз бе, мен бүгін география мен қазақ тілінен «бес» алдым?

Жаным, бүгінгі туылған күнің құтты болсын!

Әкешім, маған да үйретіңізші, мен сізге көмектесейін.

Құлыным-ау, осы сөзіңнен айналдым!

Қыстырма сөздерге мысал сөйлемдер:

Әрине, осы жолы Айманның істегені дұрыс болмады.

Менің ойымша, жиынды демалыс күні өткізген дұрыс.

Біріншіден, жұмыс күні болғандықтан, бәрінің қолы тие бермейді, ал екіншіден, бәріміз жиналғанша кеш те батып кетеді.

Қысқасы, мен осылай шештім.

Оның айтуынша, тексеріс екі аптадан соң келеді.

Одағай сөздерге мысал сөйлемдер:

Бәрекелді, жарайсың, құлыным! Сен үшін өте қуаныштымын!

Түу... Мына шамның сөніп қалғаны - ай!

Шіркін, табиғат көптеген тылсым құбылыстарға толы ғой...!

Япырмай, қымыздың дәмін айтсаңшы, тіл үйіреді...

Пай – пай, сайысқа қатысып отырған ақындардың барлығы өткір тілді екен.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi