Как назвать текст Парсы патшасы Кир түркі көшпенділер еліне елші жіберіп, Тұмар ханшайымның өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Бұл Кирдің массагеттермен соғысу үшін тапқан амалы болатын. Тұмар Кир патшаның ұсынысын қабылдамайды. Кир жауынгерлерімен Аракс өзеніне жетіп, көпір салуды әмір етеді. Тұмар олардың дариядан өту үшін көпір салғалы жатқанын естіп, Кирге елші жібереді. Екі жақтың келісімімен өзеннің массагеттер жағынан соғыс алаңы дайындалады. Кир Лидияның бұрынғы патшасы Крездің үйреткен айласымен массагеттерді жеңіп, Тұмардың ұлы Спаргапты тұтқынға алады. Тұмар ханшайым Кирге ұлын ерлікпен емес, қулықпен қолға түсіргенін айтып, босатуды өтінеді. Тұтқынға түскеніне намыстанған Спаргап өзін-өзі өлтіреді. Парсы патшасы Кир Тұмарға жеңгенше шайқасатынын хабарлайды. Екі жақтың арасында қырғын соғыс басталып, далалық ұрыс тәсілін тиімді пайдаланған массагеттер парсылардың әскерін түгел жояды. Қанқұмар Кир де соғыс алаңында қаза табады. Аңыз бойынша, Тұмар ханшайым шайқас аяқталған соң, сарбаздарына Кир патшаның денесін таптырып алып, басын кестіріп, қан толтырылған ыдысқа салып тұрып: - Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жалғыз ұлымды арамдықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Енді берген сертімді орындап, басыңды қанға батырып, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ,- деген екен.

РевинаМелек РевинаМелек    1   08.12.2020 09:48    0

Ответы
Холзи14 Холзи14  07.01.2021 09:52

ответ: 1Парсы патшасы Кир.

2Парсы басшысы.

3Массагеттермен соғыс

4Тұмар ханшайым

5Сақтар

Объяснение:Я написала несколько названий. Сам(а) выбирай)

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Natalym2001 Natalym2001  07.01.2021 09:52

1. Тұмардың Кирді жеңуі;

2. Парсылар мен массагеттер шайқасы;

3. ұлы жеңіс.

4.кек.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi