Күй - қазақ халқының ұлттық өнері, олар қуаныш пен қайғыны күй арқылы жеткізген. Күй – қазақ халқының ең басты рухани байлығы. Күйді қазақтың екінші тілі десе де болады. Күй – махаббат, азаттықтың, еркіндіктің жаршысы. Құрманғазы Сағырбайұлы – күй атасы, қазақтың күйші, композиторы, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Ол Орал облысында туған. Құрманғазының алғашқы ұстазы – Ұзақ болған. Ұзақпен бірге ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер сайысына түскен. Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін «Ақ бай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Адай», т. б. күйлерін шығарған. Күй анасы - Дина. Атақты күйші, композитор Дина Нүрпейісова да Орал облысы, Бекетай құмында, қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесі Кенже Динаны бала кезінен еркін өсірген. Ол 7-8 жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында ұстазы Құрманғазымен танысады. Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ, Түркеш, Көкбала және т. б. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады. 1888 жылы Құрманғазы Динаға: «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады. Динаның кең тараған күйлері: «Әсем қоңыр», «Той бастар», «Жеңіс», «Анабұйрығы», «Бұлбұл», т. б. (167 сөз) 1.Мәтін не туралы? [1] А) күй құдіреті В) атақты күйшілер С) танымал күйлер D) барлық нұсқалар дұрыс 2. Сөйлемді өз сөзіңізбен жалғастырыңыз. Ойды қорытындылаңыз. [1] Күй – қазақ халқының ұлттық өнері. . 3.Ақпараттарды дұрыс/бұрыс/айтылмаған нұсқасымен сәйкестендіріңіз. [3] 1. Дина 5-6 жасындақолынадомбыраұстайды. А) дұрыс 2. Құрманғазыныңалғашқыұстазы –Ұзақ. В) айтылмаған 3. Күйарқылытазаруға, жандүниеңдіемдеуге болады. С) бұрыс

AnnWer AnnWer    2   17.03.2021 14:49    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi